Жаңалықтар

Қазақ тіліндегі әлемдік оқулықтарды оқыту үрдісіне енгізу

Опубликовано 04.11.2019.

Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетінің Гуманитарлық факультетінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында “Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық” жобасы бойынша Ұлттық аударма бюросы қазақ тіліне аударған әлемнің үздік оқулықтарын оқу үрдісінде пайдаланып, студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрам арасында арасында насихаттауға бағытталған іс-шаралар өткізілуде. Соның бірі – 27 қазан күні өткен «Цифрлық жаңғыру дәуіріндегі ақпарат пен білім» тақырыбындағы ашық сабақ.
Іс-шараны – Тарих және әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар кафедрасының аға оқытушысы Гүлжанат Мұхаметжанқызы Ашимова өткізді. Ашық семинар сабағына «Бастауыш білім берудің педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша білім алушы Г-213 топ студенттері қатысты.
Сабақтың мақсаты – Ұлттық аударма бюросы «Философия» пәні бойынша қазақ тіліне аударған әлемдік оқулықтарды оқыту үрдісінде пайдалана отырып, студент жастардың танымдық қабілеттерін арттыру.
Сабақ барысында ақпарат дәуіріндегі білім мен ғылымның мәні, ғылымдағы әдіс, ғылымдар классификациясы, Аристотель, Әл-Фараби, Ф.Бэкон, Г.Гегель мен О.Конт сынды ғалымдардың ой-пайымдары және қазіргі қоғам өміріндегі ғылымның рөлі, сциентизм және антисциентизм, ғылыми-техникалық прогресс және қазіргі ғылым дамуының болашағы, “Білімді адам” моделі, ғылым және этика мәселелері талқыланды. Студенттер “Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық” жобасы аясында жарық көрген оқулықтарға шолу жасай отырып, қарастырылған сұрақтарға қатысты өз білімдерін ортаға салды.