Жаңалықтар

Ақпараттық технологиялар және экономика факультетіндегі “Тәтті жәрмеңке”

Опубликовано 05.11.2019.

2019 жылдың 1 қазанында Қазақ инновациялық гуманитарлық - заң университетінің, Ақпараттық технологиялар және экономика факультетінде "АТЭФ белсенділері" ұйымдастырған "Тәтті жәрмеңке" өтті. Студенттер өз қолымен арнайы дайындаған тәттілерін ұсынды. Жәрмеңкеге тек студенттер ғана емес, факультеттің ұстаздары да ат салысты. Қонаққа Гуманитарлық және Заң факультеттерінің студенттері шақырылды.
"Тәтті жәрмеңке" факультет ұжымы мен студенттердің ұсынысымен әр аптаның жұма күні дәстүрлі түрде өтетін болды. Жәрмеңкеден жиналған қаржы студенттердің өзара өткізетін іс-шараларына жұмсалатын болады. КазГЮИУ ұжымын, ұстаздары мен студенттерін әр жұма сайын Ақпараттық технологиялар және экономика факультетінде өтетін "Тәтті жәрмеңкеде" күтеміз. Келіңіздер.
Өтетін орны: КазГЮИУ, 2 ғимарат
Уақыты: әр аптаның жұма күні
Уақыты: 11:00-13:00