Без рубрикиЖаңалықтар

Ақпараттық технологиялар және экономика факультеті “Менің екінші үйім” экологиялық акциясына белсенді қатысты

Опубликовано 05.11.2019.

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің “Студенттер үйінде” университеттің ректор аппаратының басшысы Ж. Құрманбаеваның қатысуымен “Менің екінші үйім” атты экологиялық акциясы өтті. Іс-шараға оқу ордамыздың ұстаздары мен студенттері белсене қатысты. Бағдарламада: экологиялық акция, эстафеталық ойындар, “Студенттер үйіне” қабылдау кеші жəне түрлі қызықты ойындар мен сыйлықтар болды. Экологиялық акция барысында “Студенттер үйінің” айналасына тазалау жұмыстары жүргізілді. Іс-шара соңында белсенді ұстаздар мен студенттерге тәттілер ұсынылды.
Ақпараттық технологиялар және экономика факультетінің деканы
А. Карипжанова, деканның орынбасары Ж. Қайсанова,оқытушылары мен студенттері экологиялық акцияға қатысып, белсенділік көрсетті.