Без рубрикиЖаңалықтар

Оқытушыларға арналған семинар-коучинг

Опубликовано 07.11.2019.

1 қараша күні Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетінің Гуманитарлық факультетінде Педагогика және психология кафедрасының аға оқыушылары Шынар Карипбаева және Айдос Баелов «Педагогтардың кәсіби шеберлігі мен құзыреттіліктерін қалыптастыру жолдары» тақырыбында семинар-коучинг өткізді.
Іс-шараның мақсаты – интерактивті жаттығулар мен тәжірибе алмасу негізінде факультет оқытушыларының кәсіби шеберлігі мен құзыреттіліктерін қалыптастыру.
Семинар барысы өзара байланысты бірнеше бөлімдерден тұрды:
• Кел танысайық
• Топпен жұмыс;
• Ассоциативті кластерлер құру;
• Рефлексия
Семинарға гуманитарлық факультет деканының орынбасары Азамат Азатұлы, «Рухани жаңғыру» орталығының басшысы, ф.ғ.д. Сейітова Шынар Ботайқызы; филология кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к. Төлебаева Құралай Тоқтарқызы, Педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к. Ақманова Ғалия Рахметоллақызы және факультет оқытушылары қатысты.
Қатысушылар «Кафедра педагогтарының бойында қандай кәсіби құзыреттіліктер болуы тиіс?» деген сұрақ төңірегінде ассоциативті кластерлер құрастырды. Қатысушылар түрлі тапсырмалар орындап, қызықты да танымдық жұмысқа белсене қатысты. Шара соңында рефлексия жасалып, коучингке қатысқан оқытушылар өз әсерлерімен бөлісті.
Семинар-коучингті қорытындылай келе, қатысушылар университет оқытушысы қаншалықты білімді әрі шығармашыл болса, оның құзыреттілік қабілеттері де соншалықты кең болмақ деген қорытынды жасады.