Без рубрикиБез рубрикиЖаңалықтар

Воллейболдан жарыс

Опубликовано 20.11.2019.

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің спорт кешенінде волейболдан факультетаралық турнир өтті
2019 жылдың 17 қарашасында Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің спорт кешенінде волейболдан факультетаралық турнир өтті. Әр факультеттен жасақталып шыққан қыздар және ерлер құрамалары арасында қызыққа толы жарыс болды.
Турнир қорытындысы бойынша қыздар арасында 1 орынға ие болған гуманитарлық факультет студенттері болса, ерлер арасында ақпараттық технологиялар және экономика факультетінің командасы үздік болды. Әр факультеттің үздік ойыншыларынан КазГЮИУ құрама командасы жасақталатын болады.