Без рубрикиБез рубрикиЖаңалықтар

«Үркер» шығармашылық тобы алғашқы концерті

Опубликовано 20.11.2019.

14 қараша 2019 ж. «Үркер» шығармашылық тобы алғашқы концертін берді
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде өнерлі жастардың басын біріктірген «Үркер» шығармашылық тобының алғашқы концерті өтті.
«Үркер» – өнерлі студенттерді бір арнаға тоғыстырып, оларды өнер және мәдениет саласында қабілеттерін шыңдайтын студенттік ұйым. Барлық факультеттен жиналған жастар университет қызметкерлеріне, профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттерге арнап тамаша шығармашылық кеш өткізді. Концерт барысында талантты жастарымыз ән шырқап, ұлттық және заманауи би түрлерін көрсетіп, музыкалық аспапта ойнау шеберліктерін жиналған залға паш етті. Шығармашылық топтың ерекшелігі театрландырылған қойылымда болды. Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман – Мамыр» поэмасынан үзінді ойнаған жастарымыз жиналған көрерменнің көңілінен шықты.
Іс-шараның соныңда үздік болған әртістер арнайы грамоталармен марапатталды.