Без рубрикиБез рубрикиЖаңалықтар

Бизнес және басқару кафедрасы «Жаңа гуманитарлық білім» сериясы оқулықтарына арналған дөңгелек үстел өткізді

Опубликовано 23.11.2019.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру” бағдарламалық мақаласында қоғамдық және гуманитарлық ғылымдарды дамыту бойынша “Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық” жобасы іске асырылуда. Осыған орай «Бизнес және басқару» кафедрасының оқытушыларымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел жұмысына Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректоры, техника ғылымдарының докторы Клара Жарықбасова, ақпараттық-технологиялар және экономика факультетінің деканы Ардақ Карипжанова, кітапханашы Диана Ыбышева, «Бизнес және басқару» кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Зухра Турдиева және кафедра оқытушылары мен студенттері қатысты.
Шараның басты мақсаты: болашақ мамандардың әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілеттілгі мен білімін арттыру және мемлекеттік тілге аударылған оқулықтардың мазмұны мен маңызын талқылап, ел арасына кеңінен насихаттау.
Модератор Данира Қалдыбаева кафедраға келіп түскен, экономикалық бағыттағы оқулықтарға жалпылама шолу жасады. Аға оқытушы Фазыл Аубакиров, Жаннұр Сейітқызы және PhD докторы Асемгүл Аманбаева өз пәндері бойынша оқу үрдісінде пайдаланып жүрген оқулықтарға жан-жақты талдау жасап, презентацияларын көрсетті. Сонымен қатар, семинардың өту барысында «Құқықтану» мамандығы ЮР-905 студенті Мұратхан Ерсін “Кәсіпкерлік: теория, практика, процесс” оқулығын негізге ала отырып лектор, аға-оқытушы Дана Орынбаевна көмегімен «Болашақтың үйі» атты бизнес-жоспарын ұсынды. Келесі кезекте, ГМУ-901 тобының студенті Нурланова Жансая “Экономикс” кітабының оқу үрдісінде маңыздылығы туралы қысқаша баяндады.