Без рубрикиБез рубрикиЖаңалықтар

Қазақстанның «100 жаңа есімдері» жобасының финалистерімен кездесу

Опубликовано 28.11.2019.

2019 жылдың 26 қарашасында ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай ШҚО ішкі саясат басқармасы КазГЮИУ студенттерімен “Қазақстанның 100 жаңа есімі” жобасының 2017 жылғы финалистерінің кездесуін өткізді.
КазГЮИУ жастары алдында өнер көрсетіп, өзінің табысқа жету жолы туралы әңгімелеген домбырашы-виртуоз, республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты, композитор Алексей Лодочников Павлодар облысындағы балалар үйінің түлегі. Мемлекеттік тілді жетік біледі, домбырада шебер ойнап, ұлттық әндерді орындайды, авторлық әндер жазады. 2016 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың алдында өнер көрсеткеннен кейін танымал болды.
Физика-математика ғылымдарының кандидаты Альмира Жилкашинова аспирантура бітіргеннен кейін ғылым жолын біржола таңдайды. Қазақ және орыс тілдеріндегі қажетті ғылыми әдебиеттер тапшылығын сезіне отырып, Альмира Жилкашинова жарты жыл ішінде ағылшын тілін үйреніп, халықаралық жобаларға қатыса бастады. «Қазақстанның 100 жаңа есімдері» тізіміне жас физик-ғалым Альмира Жилкашинова жаңартылатын энергия көздері саласындағы инновациясы үшін енгізілді. Өз кәсібіңді сүйген кезде, адам міндетті түрде табысты болатындығын байқады. Бүгінгі күнде Альмира Жилкашинова аралас салаларда өзекті жобалармен айналысады: олар – физика және медицина, физика және қорғаныс өнеркәсібі.
КазГЮИУ студенттері қонақтарға мотивация бергендері үшін алғыстарын білдірді. Кездесу соңында университетіміздің гуманитарлық факультетінің 2 курс студенті Әсел Қуандық домбырада халық әнін орындап шықты.