Без рубрикиБез рубрикиЖаңалықтар

Докторанттардың Түркиядағы ғылыми тағлымдамалары жалғасын табуда

Опубликовано 05.12.2019.

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті «Тарих» мамандығының 2 курс докторанттары Ғ. Базарбеков, Ә.Мархаба, Н. Аманбекова, Т. Джакипова, З. Какенова, Б. Базен 08.11. – 08.12.2019 жыл аралығында Түркияның белгілі жоғары оқу орындарының бірі Анкара қаласындағы Хажы Байрам Вели университетінде профессор Конуралп Ержиласун, профессор Бекир Түмен Сомунжуоғлы, профессор Гүлжанат Ержиласун Құрманғалиевалардың жетекшілігімен ғылыми тағлымдамадан өтуде.
Тағлымдама барысында докторанттарымыз Хажы Байрам Вели университеті профессорларының бастамасымен 2019 жылдың 2-желтоқсанында Мимар Синан Көркем Өнер университеті ұйымдастырған «Орта ғасырлардан қазірге дейінгі түркі әлемінде мәдениет және қалалар» атты халықаралық докторанттар шеберханасы конференциясына қатысып, зерттеу тақырыптары аясында баяндамалар жасап, зерттеулерімен бөлісті. Конференцияға Қазақстанның Еуразия ұлттық университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті докторанттары мен Түркияның Анкара Хажы Байрам Вели университеті және Мимар Синан Өнер университетінің докторанттары мен профессорлары, атап айтқанда Prof. Dr.Фатма Йүреклі, Prof. Dr. Айдын Ұста, Prof. Dr. Абдулвахап Қара, Prof. Dr. Конуралп Ержиласун, Prof. Dr. Бекир Түмен Сомунжуоғлы, Prof. Dr. Гүлжанат Ержиласун Құрманғалиева және т.б. қатысып, өз ойларын ортаға салды. Ғалымдар тарапынан докторанттарға ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысу барысында бағыт-бағдар беріліп, кеңестер айтылды. Отырыс соңында баяндама жасаған ізденушілерге сертификаттар таратылды. Докторанттарымызды ғылыми жетістіктерімен құттықтаймыз!