Без рубрикиБез рубрикиҚұттықтаулар

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Опубликовано 16.12.2019.

Құрметті студенттер, профессорлық-оқытушылар құрамы, университет қызметкерлері! Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!
1991 жылы 16 желтоқсанда әлемнің саяси картасында жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасы пайда болды. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан халқы ортақ күш-жігерімен демократиялық, құқықтық және экономикалық тәуелсіз мемлекет құруға қол жеткізді. Біз әлемдік қоғамдастықта лайықты орынға ие болған өзіміздің қазақстандық жолымызды бастадық.
Сіздерді мерекемен шын жүректен құттықтаймын және әр отбасына береке, бақыт, мейірімділік, бейбітшілік пен өркендеуді тілеймін!