Без рубрикиБез рубрикиЖаңалықтар

Тәуелсіздік күніне орай «Жүректен жүрекке» атты поэзия кеші

Опубликовано 18.12.2019.

2019 жылдың 16 желтоқсанында Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті, Гуманитарлық факультеті және Жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен Студенттер үйінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Жүректен жүрекке» атты поэзия кеші өткізілді.
Шығармашылық кеш жас талантты студенттерді анықтауға және таныстыруға бағытталған.
КАЗГЮИУ-дің тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Айрат Базенов кеш қатысушыларын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Іс-шараға университеттің үш факультетінен 15 талапкер және дайындық курстарында оқитын жас ақындар қатысты. Әр қатысушы патриоттық және лирикалық тақырыптарға өз шығармаларынан екі өлең дайындады.
Поэзия кеші, ең алдымен, байқауға емес, дарынды балаларды анықтауға бағытталғандықтан, барлық ақындарға Абайдың қара сөздері, блокноттар және басқа сувенирлердің сыйлық басылымдары дайындалды.
«Патриоттық бағыттағы үздік шығарма» номинациялары бойынша марапатталған студенттер – Аманбол Берік, «Ең жақсы лирикалық өлең» – Абдуалитов Шерхан, «Көрермендер көзайымы» – Абдуасилова Агулай бағалы сыйлықтармен марапатталды.