Без рубрикиБез рубрикиЖаңалықтар

Хабарландыру!

Опубликовано 21.12.2019.

Құрметті студенттер!

ҚазГЮИУ академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 2019-2020 жылдың көктемгі семестрінде Еуропа және Ресей Федерациясының серіктес жоғары оқу орындарында тегін оқу конкурсына қатысу үшін келесі мамандықтар бойынша оқитын студенттерге арналған құжаттарды қабылдау басталғаны туралы хабарлайды:

  • «Экономика»
  • «Қаржы»
  • «Мемлекеттік және жергілікті басқару»
  • «Юриспруденция»
  • «Құқық қорғау қызметі»
  • «Педагогика және психология»
  • «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»

Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін студенттерден өтінім беру мерзімі:

– еуропалық жоғары оқу орындарында оқу үшін – 2020 жылдың 13 қаңтарына дейін.

– ресейлік жоғары оқу орындарында оқу үшін – 2020 жылдың 24 қаңтарына дейін.

Қатысушыларға арналған шарттар:

  1. Қатысушы күндізгі бөлімнің студенті болуы қажет;
  2. Қатысушы академиялық оқу кезеңін толық аяқтауы қажет.

 

Үміткерлерді іріктеу үшін қажетті көрсеткіштері:

  1. Орташа оқу үлгерімі (GPA кемінде 3,5);
  2. Студенттің ғылыми жетістіктері;
  3. Еуропалық ЖОО – да оқуға өтінім беру кезінде Intermediate (IELTS, TOEFL) деңгейінде ағылшын тілін білімін растайтын сертификаттар.

 

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы  бойынша оқуға қажетті құжаттар тізімі:

  1. (http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500011195#z210) формасы бойынша өтініш;
  2. Жеке куәлік немесе шетелдік паспорт көшірмесі;
  3. Ұсыныс хат;
  4. Алғыс хат, мадақтама, сертификат, диплом көшірмелері;
  5. Ағылшын тілінің деңгейін растайтын сертификат (IELTS,TOEFL,HSK), бар болған жағдайда;
  6. «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген 086-У формасындағы медициналық анықтама.

 

Назар аударыңыз! Жол ақысы, медициналық сақтандыру және визаны ресімдеу ақысы қатысушылар есебінен!!!

Толық ақпаратты алу үшін:

Халықаралық ынтымақтастық бөлімі

Мәңгілік Ел, 11,Бас ғимарат

4 қабат, 23 кабинет

Тел. +7 (722)2360363