Без рубрикиБез рубрикиЖаңалықтар

Қарттарға жаңажылдық тосын сый

Опубликовано 27.12.2019.

25 желтоқсан күні гуманитарлық факультет студенттері Семей қаласының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық–әлеуметтік мекемесінде жаңажылдық қайырымдылық шарасын өткізді. Студенттер концерттік бағдарлама ұйымдастырып, мекеме тұрғындарын мерекелік көңіл күйге бөледі. Көрермендер театрландырылған қойылым тамашалап, мерекелік ән-күй, мың бұралған би мен музыкалық аспаптардың әуеніне сусындады. Іс-шараны ұйымдастыруға мұрындық болған Гуманитарлық факультеттің «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығында білім алатын Г-213 тобының студенттері мен топ кураторы Шынар Тоқтарқызы Карипбаева.
Ән шырқап, би билеген, көрермендермен түрлі интерактивті ойындар ұйымдастырған студенттерге қарттар шын пейілімен риза болып, алғыстары мен қуаныштарын жасырмады.
Шара соңында медициналық–әлеуметтік мекеменің әкімшілігі Ш.Т.Карипбаева мен КазГЮИУ студенттеріне мекеме басшылығының атынан алғыстарын жеткізді.