Жаңалықтар

«ЖҰМЫС БЕРУШІ – ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРНЫ-БОЛАШАҚ МАМАН» семинар

Опубликовано 09.01.2020.

17 қаңтар, 2020 жылы сағат 14:00-де Ақпараттық технологиялар және экономика факультетінің «Ақпараттық-техникалық ғылымдары» кафедрасында «ЖҰМЫС БЕРУШІ – ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ – БОЛАШАҚ МАМАН» атты презентациялық семинар өтеді.
Іс-шара мақсаты: Кафедрағы білім беру бағдарламасы бойынша элективті пәндердің мазмұнын қарастыру; оқу жоспарларын уақытылы түзету; жұмыс берушілердің сұраныстарын есепке алу; еңбек нарығында болып жатқан өзгерістерге сәйкес мамандарды даярлау құрылымын өзгерту; тәжірибеден өту және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде студенттерді нақты жұмыс орындарында тәжірибелік оқыту мәселелерін талқылау; жұмыс берушілермен әріптестік қарым-қатынас орнату; жас мамандарға арналған бос жұмыс орындары туралы студенттерге объективті ақпарат беру.

Өткізілетін орны: Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университеті, №2 ғимарат (Абай көшесі, 107), 211 ауд.
Өткізілетін күні: 17.01.2020
Өткізілетін уақыты: 14:00