Жаңалықтар

Онлайн семинар

Опубликовано 10.01.2020.

«Магистратура 6М030100 «Құқықтану» мамандығы бойынша дуалды білім беруді дамытудағы кәсіптік білім сапасын арттыру құралы ретінде

2020 жылы қаңтардың 10 жұлдызында КазГЮИУ заң факультетінде магистратура 6М030100 «Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша дуалды білім беруді дамытудағы кәсіптік білім сапасын арттыру құралы ретінде» атты тақырыбында онлайн семинар өткізілді.
Семинарда магистранттардың дуалды білім беруді дамытудағы кәсіптік білім сапасын арттыру құралдарын жетілдірудің өзекті сұрақтары талқыланды.
Онлайн семинарға, Семей қ. сотқа дейінгі тергеп-тексеру заңдылығын қадағалау бойынша бөлімінің прокуроры, 1-сыныпты заңгер (әділет капитаны) Рахимов А.М., Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Есенжолов Н.Е., «Разий» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің заңгері Кузембаев М.Б, Заң факультетінің деканы, құқық бойынша философия докторы (PhD) Каражанов М.Д, кафедра меңгерушілері және профессорлық оқытушылық құрамы қатысты. Онлайн семинар қорытындысы бойынша резолюция қабылданады.