Жаңалықтар

«Әлеуметтік серіктестік: келешегі мен мәселелері» дөңгелек үстел

Опубликовано 10.01.2020.

2020 жылы 8 қаңтарда Ақпараттық технологиялар және экономика факультетінің Қолданбалы биология кафедрасында «Әлеуметтік серіктестік: келешегі мен мәселелері» тақырыбы бойынша әлеуетті жұмыс берушілермен дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – қазіргі еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, түлектер алған білімдері мен дағдыларының практикалық маңыздылығын арттыру мақсатында кафедра мамандықтарының модульдік білім беру бағдарламаларын жаңарту.
Дөңгелек үстелге орта білім беретін мектептердің өкілдері (№ 3, № 7, № 6, № 32), ШҚО Семей қаласының «Жекпе-жек» ұлттық спорт федерациясы, «Білім – инновация» лицейі, «Жас ұлан» мамандандырылған ерлер мектеп-лицей-интернаты және басқа да ұйымдар қатысты.
Онлайн режимде дөңгелек үстелге Қарағанды қаласындағы «GIO Trade» ЖШС медициналық орталығы қатысты. Дөңгелек үстел жұмысын академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің жетекшісі Нургазина Р.С. ашты. Кафедра меңгерушісі, б.ғ.к. Тазабаева К.А. әлеуетті жұмыс берушілерді кафедраның оқу бағдарламаларымен таныстырды.
Дөңгелек үстелдің нәтижесінде қолданбалы биология кафедрасының негізгі (Major) және қосымша (Minor) білім беру бағдарламалары үшін қазіргі заманғы нарықтың талаптарына сәйкес келетін жаңа пәндердің тізімі көрсетілген резолюция қабылданды.