Жаңалықтар

Ақпараттық хат

Опубликовано 16.01.2020.

2020 жылдың 29-31 қаңтары аралығында ҚазГЮИУ базасында 10-11 сынып оқушылары, студенттер, магистранттар және оқытушылар үшін ҚазГЮИУ – 2020 кәсіпкерлік бойынша Халықаралық қысқы мектеп өтеді: Жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту: мотивация, дағдылар, тәжірибе».

Кәсіпкерлік бойынша қысқы мектептің негізгі мақсаты – жастар арасында кәсіпкерлік және көшбасшылық құзыретін қалыптастыру, іскерлік мансапты құруға және болашақта кәсіпкерлік қызметті табысты жүргізуге ынталандыру.

Бағдарламаға тіркелу 2020 жылдың 22 қаңтарына дейін жалғасады!

Бағдарлама тілі – орыс тіл.

Бағдарлама аяқталған соң барлық қатысушыларға халықаралық сертификаттар беріледі.

Іс-шаралар күнтізбесі:

29 қаңтар 2020 ж.

15.00-18.00 – жоғарға оқу орындарының, колледж оқытушыларына, мектеп мұғалімдеріне арналған практикалық семинар «Кәсіпкерлік және көшбасшылық: табыс факторлары»,

Модератор: профессор Благоев Веселин (Варна менеджмент университеті, Болгария, проректор)

Өтетін орны: ҚазГЮИУ әкімшілік ғимараты, Мәңгілік ел көшесі, 11, Ауд. 17, конференц-зал, 3 қабат

Қатысу құны-3000 теңге.

 30 қаңтар 2020 ж.

14.00-16.00 –10-11 сынып оқушылары, студенттер мен магистранттар үшін “Жастардың кәсіпкерлік ойлауы мен көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру” семинар-тренингі

Модератор: профессор Благоев Веселин (Варна менеджмент университеті, Болгария, проректор)

Өтетін орны: ҚазГЮИУ әкімшілік ғимараты, Мәңгілік ел көшесі, 11, Ауд. 18, конференц-зал, 3 қабат

10-11 сынып оқушылары, сондай – ақ ҚазГЮИУ студенттері мен магистранттары үшін бағдарламаға қатысу тегін.

Басқа жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары үшін қатысу құны – 2000 теңге.

Негізгі сұрақтар:

 – Көшбасшылық дегеніміз не? Көшбасшылықтың негізгі құрамдастары: өзіне сенімділік, ықпал етү және сендіру, командада жұмыс істей білу, табысқа ұмтылудағы табандылық, білім деңгейін арттыру, мүмкіндіктерді көру және пайдалану, ақпаратты иелену және пайдалану, қабылданған міндеттемелер үшін жауапкершілік алу,жоғары ынталандыру.

– Тиімді коммуникациялар көшбасшылық мінез – құлықтың негізі ретінде-сенімділік пен адалдық, іскерлік қарым-қатынастың маңыздылығын мойындау, іскерлік байланыстарды дамыту, имидж.

– Кәсіпкерлік ойлау – мақсаттылық және жоспарлау, идеяларды генерациялау және бағалау, іс-әрекеттердің нәтижелілігі, проблемалық жағдайларды шешу, кәсіпкерлікті жүргізу саласында білім мен іскерліктің болуы, кәсіби салада бағдар таба білү.

Өзін-өзі дамыту, жеке мүмкіндіктер – жұмысқа қабілеттілік және еңбекқорлық, тәжірибе және сараптама, өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу, өз мүмкіндіктерін сезіну, креативтілік және стандартты емес ойлау, реттілік.

 30 қаңтар 2020 ж.

16.00 – 18.00 – “Қазақстанда ЖШС мен ЖК тіркеу, қызмет көрсету, қайта ұйымдастыру және тарату ережелері” тақырыбында 10-11 сынып оқушыларына, студенттер мен магистранттарға арналған семинар-тренинг.

Модератор: Эфендиев Этибар (КазГЮИУ заңгері)

Место проведения: ҚазГЮИУ әкімшілік ғимараты, Мәңгілік ел көшесі, 11, Ауд.13, Бизнес-инкубатор.

10-11 сынып оқушыларына, сондай-ақ ҚазГЮИУ студенттері мен магистранттары үшін бағдарламаға қатысу-тегін.

Басқа жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары үшін қатысу құны – 2000 теңге.

Негізгі сұрақтар тізімі:

– Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің (ЖШС) және жеке кәсіпкердің (ЖК) құқықтық жағдайы, ЖШС қатысушыларының құқықтары мен міндеттері;

– ЖШС және ЖК құру және қызметінің тәртібі;

– ЖШС және ЖК қайта құру және тарату сұрақтары

– Қазақстан Республикасындағы ЖШС және ЖК қызметінің теориялық және практикалық сипатындағы өзекті мәселелері.

 31 қаңтар 2020 ж.

16.00-18.00 –колледж, жоғары оқу орындарының әкімшіліктеріне арналған “Білім берудегі тиімді маркетингтік коммуникациялар” практикалық семинары»

Модератор: профессор Благоев Веселин (Варна менеджмент университеті, Болгария, проректор)

Өтетін орны: ҚазГЮИУ әкімшілік ғимараты, Мәңгілік ел көшесі, 11, Ауд. 18, конференц-зал, 3 қабат

Қатысу құны-3000 теңге.

 

 Қатысуға өтінімдерді мына мекен-жайға жіберу қажет:

10-11 сынып оқушылары, сондай-ақ ҚазГЮИУ студенттері, магистранттары мен оқытушылары үшін – Moldir Mussabayeva:  m.mussabayeva@mail.ru

Анықтамалар үшін: тел + 7 777 283 3596 (WhatsApp)

Семей қаласының басқа жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері, магистранттары және оқытушылары үшін – Irina Shustova 462ira@mail.ru

Анықтамалар үшін: тел + 7 700 095 1213 (WhatsApp)

Өтінім нұсқасы:

Қатысуға жоспарланған семинардың атауы, күні мен уақыты
Толық аты-жөні (барыс септігінде)
Оқу немесе жұмыс орны
Эл.мекен-жайы және телефоны

 

Модераторлар туралы ақпарат:

Профессор Веселин Благоев (Варна Менеджмент Университеті, Болгария, академиялық мәселелер жөніндегі проректор) маркетинг, менеджмент, маркетингтік коммуникация, жарнама, көшбасшылық саласындағы жетекші болгар және еуропалық ғалымдардың бірі болып табылады. 1993 жылы Санкт-Петербург қаласында жарияланған оның “Маркетинг” оқулығы ТМД елдерінде миллиондаған студент оқыған орыс тіліндегі Маркетинг негіздері бойынша алғашқы басылым болып табылады.

В. Благоев әкімшілік және мемлекеттік басқару саласында айтарлықтай тәжірибесі бар. Мемлекеттік аппаратта және бизнесте, оның ішінде Болгария Министрлер Кеңесінің Бас хатшысы (1994ж.), Болгария Жекешелендіру жөніндегі агенттігінің басшысы (1995-97 жж.), “Кредит Банк” бас атқарушы сәулетші (1997-98 жж.), Bloomberg BusinessWeek Болгария бас редакторы (2004-06 жж.), Електроимпекс АД маркетинг жөніндегі Директор (1985-90 жж.).

Профессор В. Благоевты дәріс оқуға және практикалық семинарлар өткізуге шетелдік жоғары оқу орындарына шақырады. Ол АҚШ, Англия, Қытай, Үндістан, Корея, Жапония, Голландия, Франция, Польша, Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь, Украина және Грузияда дәріс оқыды. Мәскеу қаласында Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясының көшбасшылық бойынша дәріс курсы бар МВА бағдарламасы бойынша шақырылған профессор болып табылады.

Екі мандат Болгар Бизнес көшбасшыларының форумы кеңесінің мүшесі, үш мандат – CEEMAN кеңесінің мүшесі болды. 2004 жылдан бастап проф. Благоев В. Болгар асоциациясының Президенті, сондай-ақ болгар сауда-өнеркәсіптік асоциациясының Басқарушы кеңесінің мүшесі.

Құқық магистрі Эфендиев Этибар Имдат Оглы тәжірибеші заңгер болып табылады, қазіргі уақытта Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің заң консультанты.

Аймақтық және халықаралық деңгейдегі ғылыми-практикалық конференциялардың жеңімпазы, “Облыстың үздік судьясы” номинациясының иегері, сондай-ақ “Ғылымдағы үздіктер-2015” байқауының жеңімпазы.

ҚазГЮИУ – 2020 кәсіпкерлік бойынша қысқы мектеп бағдарламасына қатысуға шақырамыз!!!