Жаңалықтар

БІЛІМ БЕРУДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІКТІҢ НЕГІЗІ: ТАЛДАУ ЖӘНЕ ПЕРСПЕКТИВАЛАР

Опубликовано 21.01.2020.

17 қаңтарда Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің гуманитарлық факультетінде педагогика және психология кафедрасы жұмыс берушілердің қатысуымен «Білім берудегі әлеуметтік әріптестіктің негізі: талдау және перспективалар» тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында "Психология" "Педагогика және психология" және "Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі" бағыттары бойынша мамандар даярлаудың модульдік білім беру бағдарламалары талқыланды. Семинар жұмысына №5511 әскери бөлімінің психологы А.М. Бисагимова, №38 жалпы орта білім беретін мектептің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі В.И. Галушко, №3 жалпы орта білім беретін мектептің оқу-тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі А.А. Курмашева, №11 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып меңгерушісі И.К. Темербаева, №30 жалпы орта білім беретін мектептің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі Ш.К. Боксенова қатысты. Семинар қатысушылары "Эмоционалды қажу психологиясы" "Психологиялық құзыреттілік негіздері" "Бастауыштың жаңартылған білім мазмұнының құрылымдық жүйесі" сияқты элективті пәндерді еңбек нарығының талаптарына сәйкес жетілдіру мәселелерін қарастырды. Сонымен қатар жаңа элективті пәндерді енгізу мәселелері да талқыланды, семинарға шақырылған жұмыс берушілер модульдік білім беру бағдарламаларына оң бағаларын білдірді. Іс-шара соңында кафедра меңгерушісі Г.Р. Акманова және педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы Г.К. Абдуллина сөз сөйлеп, семинар қатысушыларына алғыс хаттар табыс етті.