Жаңалықтар

“Әлеуметтік серіктестік-табысты және сапалы білім берудің кепілі” тақырыбында жұмыс берушілермен дөңгелек үстел

Опубликовано 21.01.2020.

2020 жылдың 16 қаңтарында «Ақпараттық технологиялар және экономика» факультетінің «Бизнес және басқару» кафедрасының ұйымдастыруымен "Әлеуметтік серіктестік-табысты және сапалы білім берудің кепілі" тақырыбында жұмыс берушілермен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге төмендегідей басшылық өкілдері қатысты: «Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ - Амангельдиев М.А.; «Атамекен» ҰКП ШҚО бойынша филиалы - Люй А.В.; «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры - Балтабаева Е.Ю.; «ҚР ҰБ Шығыс Қазақстан филиалы» Семей қаласындағы бөлімше - Әбдіғаппаров Е.Ә.; «Семей қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» - Темірғалиева Б.С.; «ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ШҚО статистика департаменті» КММ - Мешелов Б.Т.; "Forte bank" АҚ - Ахунжанов Д.Г.
Кездесудің және түлектердің құзыреттілігін қалыптастыру туралы мәселелерді талқылау нәтижелері бойынша жұмыс берушілер тарапынан 6В04116 «Экономика», 6В04119 «Мемлекеттік және жергілікті басқару», 6В04118 «Қаржы», 6В04117 «Есеп және аудит» білім беру бағдарламаларына "Адам экономикасы" пәнін енгізу ұсынылды, сондай-ақ "Қаржы" ББ үшін "Валюталық реттеу" және "Кеден ісі" пәндері ұсынылды.
Магистратураның 7М04105 «Экономика» (ғылыми-педагогикалық), 7М04115 «Экономика» (профильді), 7М04107 «Іскерлік әкімшілік» (ғылыми-педагогикалық), 7М04117 «Іскерлік әкімшілік» (профильді), 7М04106 «Қаржы» (ғылыми-педагогикалық),7М04116 «Қаржы» (профильді) білім беру бағдарламаларына "Экономикалық процестерді математикалық модельдеу" пәні ұсынылды.