Жаңалықтар

ЖҰМЫС БЕРУШІ–ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРНЫ- БОЛАШАҚ МАМАН» презентациялық семинары

Опубликовано 21.01.2020.

2020 жылдың 17 қаңтар күні «Ақпараттық технологиялар және экономика» факультетінің «Ақпараттық-техникалық ғылымдары» кафедрасында «ЖҰМЫС БЕРУШІ–ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРНЫ- БОЛАШАҚ МАМАН» атты презентациялық семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты: Кафедрағы білім беру бағдарламалары бойынша элективті пәндердің мазмұнын қарастыру; оқу жоспарларын уақытылы түзету; жұмыс берушілердің сұраныстарын есепке алу; еңбек нарығында болып жатқан өзгерістерге сәйкес мамандарды даярлау құрылымын өзгерту; іс-тәжірибеден өту және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде студенттерді нақты жұмыс орындарында іс-тәжірибелік оқыту мәселелерін талқылау; жұмыс берушілермен әріптестік қарым-қатынас орнату; жас мамандарға арналған бос жұмыс орындары туралы студенттерге объективті ақпарат беру.
Семинарға кафедра оқытушылары, студенттері, магистранттары, докторанттары және КазГЮИУ академиялық мәселелер жөніндегі департамент басшысы Р.С.Нургазина, «Ақпараттық технологиялар және экономика» факультетінің деканы А.Ж. Карипжанова және серіктес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Семинарға қаламыздағы келесі ұйымдардың басшылары мен өкілдері қатысты:
1. "Транстелеком" АҚ Семей қаласындағы филиалының коммерциялық директоры "Семейтранстелеком" А.Ж. Сейілханов;
2. Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының №3 емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын програмисті Д.К.Кошкинбаев;
3. Ustudy Аймақтық тестілеу орталығы, Семей қаласы, аймақтық директор Жилгильдинова Г. О.;
4. ЖШС «КЕАР», директоры Бубенчиков Д.М.;
5. "Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы"АҚ Семей қаласындағы филиалы, метрология бөлімінің бастығы Ю. Т. Нұрғалиев;
6. "Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты" РМК Семей қаласындағы филиалы, филиал директоры С. А. Кузнецов;
7. ЖШС «Партнер Энерго LTD» директоры Муханов Б.М.;
8. "КЕGОС" АҚ "Шығыс жүйеаралық электр желілері" филиалы, Семей ЖЭС, бастығы Мубараков К.М.;
9. “Қазақстан темір жолы" АҚ Семей қаласы, Жаңа Семей жол дистанциясының 1-ші айналысының жол шебері М.А. Тусупбеков ;

Семинар барысында қазіргі білім беру үрдісінің негізгі мәселелері:
1.Кафедралардың білім беру бағдарламасы бойынша элективті пәндердің мазмұнын қарастыру.
2.Білім беру бағдарламасын жетілдіру бойынша мәселелерді талқылау.
3.ЖОО-ның өндіріспен өзара іс-қимыл мәселелерін талқылау.
4.Өндірістік және диплом алдындағы практикадан өту кезінде студенттерді жұмыс орындарында кәсіптік дағдыларға оқыту мәселелерін талқылау сұрақтары қарастырылды.