Жаңалықтар

Республикалық «Екібастұз» Ашық лига Жайдарман ойыны

Опубликовано 23.01.2020.

2020 жылдың 19 қаңтар күні Екібастұз қаласында өткен Республикалық «Екібастұз» Ашық лига Жайдарман ойынының ақтық мәре финалдық сайысына Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің «КазГЮИУ Семей» КВН командасы қатысты. Ойын мақсаты- халыққа астарлы әзілдерімен күлкі сыйлау, жастардың шығармашылығын дамытуға мүмкіндік беру және жан-жақты рухани дамыған, білімді, ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыру. Республикалық «Екібастұз» Ашық лига Жайдарман ойындарының ақтық мәре финалдық сайысына 5 КВН командасы өтті. Олар: «Кім ойлаған» (Қарағанды), «Қазақпыз ғой» (Ақсу), «Шұғылбай құрамасы» (ШҚО, Шұғылбай), «Көзайым» (ШҚО, Қатоңқарағай) және «КазГЮИУ Семей» (Семей қ.) құрама командалары. Ойын 3 кезеңнен тұрды: сәлемдесу, биатлон және еркін тақырыптағы үй тапсырмасы. 3 кезең ұпай сандары бойынша Семей қаласының «КазГЮИУ Семей» КВН командасы Чемпион атанды. Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!

Республиканская Открытая лига Жайдарман «Экибастуз»
19 января 2020 года команда КВН «КазГЮИУ Семей» Казахского гуманитарно-юридического инновационного университета приняла участие в финальном конкурсе Республиканской Открытой лиги Жайдарман, который проходил в городе Экибастуз. Цель игры – развитие творческого потенциала молодежи и формирование всестороннего духовного развития студентов. В финальном туре Республиканской Открытой лиги Жайдарман «Экибастуз» прошли 5 команд КВН. Это сборные команды: «Кім ойлаған» (Караганда), «Қазақпыз ғой» (Аксу), «Шұғылбай құрамасы» (ВКО, Шұғылбай), «Көзайым» (ВКО, Катон-Карагай) и «КазГЮИУ Семей» (г. Семей). Игра состояла из 3 этапов: приветствие, биатлон и домашнее задание на свободную тему. По итогам баллов 3 этапов конкурса чемпионом стала команда КВН «КазГЮИУ Семей» г. Семей.
От всей души поздравляем наших победителей!