Жаңалықтар

Таныстырылым

Опубликовано 29.01.2020.

2020 жылдың 28 қаңтарында «Қолданбалы биология» кафедрасының оқытушылары Химия-Биология мамандығының 2-курс студенттеріне 5В012500 «Химия-Биология» білім беру бағдарламасының элективтік пәндерінің таныстырылымын өткізді. Таныстырылым барысында оқытушылар элективті пәндердің мазмұнын және олардың баламаларын, осы пәндерді оқығаннан кейін меңгеретін құзыреттіліктерін көрсетті. Таныстырылымның соңында әр студент пәнге тіркелу формасын толтырды.