Жаңалықтар

Халықаралық сарапшы баға жетпес тәжірибемен бөлісүде

Опубликовано 29.01.2020.

2020 жылдың 29-31 қаңтары аралығында КазГЮИУ бас ғимаратында “Жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамыту: мотивация, дағдылар, тәжірибе” атты 10-11 сынып оқушылары, студенттер, магистранттар және оқытушылар үшін КазГИЮУ — 2020 кәсіпкерлік бойынша Халықаралық Қысқы мектеп өткізіледі.

“Кәсіпкерлік және көшбасшылық: табыс факторлары” атты бірінші практикалық семинар 2020 жылдың 29 қаңтарында ЖОО, колледж оқытушылары, мектеп мұғалімдері үшін  өткізілді. Іс-шараға шамамен 30 педагог қатысты.

Дәріскер маркетинг, менеджмент, маркетингтік коммуникация, жарнама және көшбасшылық саласындағы ғалым профессор Веселин Благоев (Варненский Менеджмент Университеті, Болгария, академиялық мәселелер жөніндегі проректор) болып табылады. КазГЮИУ халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Елена Шустова семинарға қатысушыларға дәріскерді таныстырып, қазіргі уақытта жас мамандардың, өскелең ұрпақтың кәсіпкерлік ойлауын дамытуға үлкен көңіл бөлінетінін атап өтті. Бұл білімді ғана емес, одан әрі стартап-жобаларды және өзекті бизнес-идеяларды дамытуға ықпал ететін кәсіпкерлік ойлауды қалыптастыру өте маңызды. КазГЮИУ “Бизнес-инкубатор” орталығында біздің студенттер жобаларды әзірлеумен айналысады және кәсіпкерлік ойлауды қалыптастыру негіздері мен принциптерін дұрыс жеткізу үшін экономикалық факультеттердің студенттерімен жұмыс істейтін оқытушыларда осындай дағдыларды дамыту маңызды. Үш сағат ішінде профессор Веселин Благов көшбасшылық ойлауды қалыптастыру саласындағы өз білімдерімен бөлісті, өз тәжірибесімен бөлісті және оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін қалай дамыту керектігін айтты. Профессор Веселин Благоев бірнеше күн бойы маркетинг және кәсіпкерлік саласында дәріс оқиды.

2020 жылдың 30 қаңтарында сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін 10-11 сынып оқушылары, студенттер мен магистранттар үшін “Жастардың кәсіпкерлік ойлауы мен көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру” атты семинар-тренинг өтеді.
2020 жылдың 31 қаңтарында профессор Веселин Благоев сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін колледж, жоғары оқу орындарының әкімшіліктеріне “Білім берудегі тиімді маркетингтік коммуникациялар” атты практикалық семинар өткізеді.

Барлық қатысушыларға халықаралық сертификаттар беріледі.