Жаңалықтар

«Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан»: ашық сабақ

Опубликовано 04.02.2020.

3 ақпан күні Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің гуманитарлық факультетінде университет профессоры, философия ғылымдарының кандидаты, Түйебаев Махмұт Мамырбекұлының Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласына арналған ашық дәрісі өтті.
Дәріске гуманитарлық факультет кафедраларының профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері қатысты.
Ашық дәріс Абай тұлғасының, оның өмірі мен шығармашылығының қазақ тарихы мен мәдениетіндегі орнына, Абай тағылымының қазіргі Қазақстанды дамытудағы рөліне арналды. Президент мақаласын жан-жақты талдаған профессор Абайдың «кемел адам», «әділетті қоғам» және білім мен ғылымның үстемдігі туралы ойларының қазіргі кездегі өзектілігіне ерекше тоқталды. Дәріс барысында Ұлы ақынның өлеңдері мен қара сөздері талданып, Абай шығармашылығының өскелең ұрпаққа берер өнегесі туралы тұжырымды ойлар айтылды.
Ашық дәріс гуманитарлық факультетте ақын мерейтойына орай жыл бойы өткізілетін іс-шаралар легін бастап берді.