Жаңалықтар

БАРЛЫҚ МЕКТЕП ЖӘНЕ КОЛЛЕДЖ ТҮЛЕКТЕРІНІҢ НАЗАРЫНА!!!

Опубликовано 04.02.2020.

ҚҰРМЕТТІ мектеп, колледж бітіруші түлектер. Сіздермен бүгіннен бастап аптаның әр сәрсенбі күні КазГЮИУ @kazguiu.kz инстаграмм парақшасында «онлайн кездесулер» өткізетін боламыз. Тікелей эфир КазГЮИУ факультет декандары, құрылымдық бөлімдердің басшыларымен өткізіледі.

Сәрсенбідегі онлайн-кездесуде:
– КазГЮИУ-ге грантқа өтініш беру мүмкіндігі;
– білім беру бағдарламаларын таңдау;
– оқыту мерзімі;
– оқудың төлемақысы;
– ЖОО ауысу;
– қашықтықтан оқыту бағдарламалары;
– әскери кафедраға қабылдау тәртібі;
– университеттің жастар ұйымдары;
– «КазГЮИУ Бизнес-инкубаторы» орталығының жұмысы туралы, кездесудің тақырыбына сүйене отырып, шақырылған қонаққа кез-келген сұрақтарыңызды қоя аласыздар.
2020 жылдың 5 ақпаныңда сағат 16:00-де «Сәрсенбідегі онлайн-кездесулердің» алғашқы қонақтары тарих ғылымдарының кандидаты, Гуманитарлық факультеттің деканы Мамырбеков Арафат Мажитұлы және педагогика ғылымдарының магистрі, Гуманитарлық факультеттің деканының орынбасары Азатов Азамат Азатұлы болады.

Сіздерді online тікелей эфирде күтеміз. Сұрақтарыңыздыды алдын-ала @kazguiu.kz парақшасына жазсаңыздар болады.