Жаңалықтар

КазГЮИУ оқытушылары «СтартПрофи – Shygys» стенд-мобында Шығыс Қазақстан облысының мектеп бітіруші түлектеріне кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді

Опубликовано 04.02.2020.

Қаңтар айының 13 мен 2 ақпан аралығында облысымыздың бірнеше аудандарында, атап айтқанда, Қалбатау, Аягөз,Үржар, Шемонайха, Бородулиха, Бесқарағай, Курчатов, Көкпекті, Ақжар, Зайсан, Күршім, Үлкен Нарымда мектеп бітіруші түлектерге арналған «СтартПрофи – Shygys» стенд-мобы өтті. Кәсіптік бағдар беру мақсатында өткен кездесуде мамандық таңдау ерекшеліктері, ҰБТ тапсыру уақыттары және жоғары оқу орнына құжаттар өткізу ережесі түсіндіріліп, ақпарат берілді. 2019-2020 оқу жылында Тарбағатай ауданы бойынша – 300, Көкпекті ауданында – 350, Күршім ауданында – 680, Зайсан ауданында – 470 оқушы мектепті аяқтамақшы. Үш бөлімнен тұратын стенд-мобқа қатысқан барша түлектерге сәттілік тіледік!