Жаңалықтар

Таныстырылым

Опубликовано 05.02.2020.

«Қолданбалы биология» кафедрасының оқытушылары 30.01.2020-31.01.2020 күндері Химия-биология мамандығының 1-курс студенттеріне 6В01509 «Химия-биология» білім беру бағдарламасының элективтік пәндерінің және Биотехнология мамандығының 3-курс студенттеріне 5В070100 «Биотехнология» білім беру бағдарламасының элективтік пәндерінің таныстырылымын өткізді. Таныстырылым барысында оқытушылар білім алушыларға таңдамалы пәндердің мазмұнын және олардың баламаларын, аталған пәндерді оқығаннан кейінгі меңгерілетін құзыреттіліктерін көрсетті. Іс-шара барысында тіркеу бөлімінің басшысы Құдайбергенов М.Қ. студенттерге университет порталындағы студенттердің жеке кабинетіндегі толықтыруларды және өзгерістерді таныстырып өтті. Таныстырылымнан кейін әр студент өздері таңдаған пәнге тіркелу формасын толтырды.