Жаңалықтар

Кәсіби бағдар беру жұмысы

Опубликовано 06.02.2020.

2020 жылдың 4 ақпан күні «Ақпараттық-техникалық ғылымдары» кафедрасының аға оқытушысы И.Х. Кувантаев кәсіптік бағдар беру жұмыстары аясында, КМҚК «Құрылыс колледжінде» «Өнеркәсіптік азаматтық құрылыс» мамандығының 3 курс студенттермен кездесу өткізді. И.Х. Кувантаев студенттер алдында сөз сөйлеп, түлектерді кафедраның мамандықтары бойынша таныстырды, ғылыми-зерттеу жұмысы туралы, қазіргі оқу орнында университетке түсу ережелері туралы, студенттерге оқуға арналған жағдайлар, белсенді студенттік өмір жайлы толық баяндады.
Сөз соңында оқушылар қызығушылық тудыратын сұрақтар қойып, толық жауап алды.