Жаңалықтар

Пәндер таныстырылымы

Опубликовано 06.02.2020.

2020 жылдың 3-5 ақпан аралығында «Ақпараттық-техникалық ғылымдары» кафедрасының оқытушылары 6В07125 «Электр энергетикасы», 6В07527 «Құрылыстағы стандарттау, сертификаттау және метрология», 6В11329 «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру», 6В06122 «Информатика», 6В06124 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», 6В06123 «Денсаулық сақтаудағы IT» білім беру бағдарламаларының қазақ және орыс топтарының білім алушыларына 2020-2021 оқу жылына элективті пәндер тізімінің көрсетілімін өткізді.
Көрсетілім барысында білім алушылар 2020-2021 оқу жылына элективті пәндермен және олардың баламаларымен танысты. Элективті пәндер каталогымен бірге оқытудың кредиттік жүйесі жағдайында модульдік білім беру бағдарламасы туралы ақпарат берілді. Іс-шараға кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы - оқу топтарының кураторлары қатысты. Көрсетілім соңында білім алушылар өздерінің жеке оқу бағдарламаларын қалыптастыруға мүмкіндік алды.