Жаңалықтар

Болгарияда “Абай” мәдени-ағарту орталығының ашылуы.

Опубликовано 07.02.2020.

София техникалық университетінде жақын арада Абайдың шығармашылық мұрасы зерттелетін болады.
2018 жылдың қыркүйек айында КазГЮИУ мен София техникалық университетінің халықаралық ынтымақтастығын кеңейту аясында Болгарияда қазақ тілін оқыту, мәдениет және ғылыми-техникалық ақпаратпен алмасу орталығы ашылды, шетел студенттері, сондай-ақ КазГЮИУ студенттері, магистранттары мен жас ғалымдары үшін жақсы білім беру алаңына айналды.
КазГЮИУ ғылыми кеңесінің шешімімен аталған орталық “Абай” мәдени-танымдық орталығы болып өзгертілді.
2020 жылдың сәуір айында осы орталықта ұлы Абайдың туғанына 175 жыл толуына арналған салтанатты іс-шаралар өткізіледі.
Қазір орталыққа Қазақстанның мәдениеті мен дәстүрлерімен танысуға ниет білдірген студенттер, жас ғалымдар, ғылым докторлары мен оқытушылар қатысады.
Келушілердің аясын кеңейту үшін, орталықта ақынға, Абайдың шығармашылық мұрасына арналған шығармашылық кештер өткізіледі.