Жаңалықтар

КазГЮИУ – 2020 жастарға арналған Кәсіпкерлік бойынша Қысқы Мектеп

Опубликовано 07.02.2020.

2020 жылдың 29-31 қаңтары аралығында Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде 10-11 сынып оқушылары, студенттер, магистранттар және оқытушылар үшін ҚазГЮИУ – 2020 кәсіпкерлік бойынша Халықаралық Қысқы Мектеп өткізілді: “Жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту: мотивация, дағдылар, тәжірибе».
Кәсіпкерлік бойынша Қысқы Мектепті өткізудің негізгі мақсаты жастар арасында кәсіпкерлік және көшбасшылық құзыретін қалыптастыру, іскерлік мансапты құруға және болашақта кәсіпкерлік қызметті табысты жүргізуге ынталандыру.
Кәсіпкерлік бойынша Қысқы Мектептің негізгі спикерлер:
– Профессор Веселин Благоев (Варна Менеджмент Университеті, Болгария, академиялық мәселелер жөніндегі проректор) маркетинг, менеджмент, маркетингтік коммуникация, жарнама, көшбасшылық саласындағы жетекші болгар және еуропалық ғалымдардың бірі болып табылады.
– Құқық магистрі Эфендиев Этибар Имдат Оглы, тәжірибелі заңгер, қазіргі уақытта КазГЮИУ заң кеңесшісі болып жұмыс істейді.
2020 жылдың 29 қаңтарында жоғарғы оқу орындарынын, колледж оқытушыларына, мектеп мұғалімдеріне арналған практикалық семинарға 40-тан астам адам қатысты.
2020 жылдың 30 қаңтарында Семей қаласының оқушылары мен студенттері үшін 80-нен астам адам қатысқан семинар-тренингтер өткізілді.
2020 жылдың 31 қаңтарында колледж, жоғары оқу орындары әкімшіліктерінің қызметкерлері үшін “Білім берудегі тиімді маркетингтік коммуникациялар” тақырыбында практикалық семинар өтті.
Барлық қатысушыларға халықаралық сертификаттар берілді.