Жаңалықтар

Студенттердің ШҚО бойынша “Атамекен” Ұлттық палатасының ұйымдастырылуымен өткен Семей қаласының кәсіпкерлерімен кездесуі

Опубликовано 07.02.2020.

2020 жылдың 6 ақпанында “Ақпараттық технологиялар және экономика” факультетінің «Бизнес және басқару» кафедрасының аға оқытушысы Аубакиров Фазыл Магазбекович жетекшілігімен 6В04116 “Экономика” және 6В04117 “Есеп және аудит” білім беру бағдарламасының студенттері ШҚО бойынша “Атамекен” Ұлттық палатасының ұйымдастырылуымен Семей қаласының кәсіпкерлерімен кездесу өткізді. Кездесуде “Атамекен” ҰП филиалының директоры Суйчинов Мақсұт Әнуарбекұлы есеп берді. Сондай-ақ, жаңадан бастаған бизнесмендер мен Семей қаласының жас кәсіпкерлеріне қолдау көрсету мәселелері қаралды. Одан әрі Семей қаласының жоғары оқу орындары бойынша координаторы Люй Александр Владимирович сөз сөйледі. Ол Семей қаласының жоғары оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыру мәселесін көтеріп, Семей қаласының “Атамекен” ҰП жастар тәжірибесінен өтуді ұсынды. Студенттер әрі қарай жұмысқа орналасу, сондай-ақ шағын және орта бизнесті ашу, жүргізу және қолдау, бизнес-жоспар құру, есеп беру және т.б. бойынша пайдалы ақпарат алды.