Жаңалықтар

Таныстырылым

Опубликовано 10.02.2020.

2020 жылдың 6 ақпанында «Қолданбалы биология» кафедрасының оқытушылары 3-курс И-325А, И-325Б, И-326 топ студенттеріне 5В010800 «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының және 1-курс ВП-901 топ студенттеріне 6В01403 «Бастапқы әскери дайындық» білім беру бағдарламасының және 3-курс И-327 тобының студенттеріне 5В010400 «Бастапқы әскери дайындық» білім беру бағдарламасының элективтік пәндерінің таныстырылымын өткізді. Таныстырылым барысында білім алушылар элективті пәндердің мазмұнымен және олардың баламаларымен, осы пәндерді оқығаннан кейін меңгеретін құзыреттіліктерімен танысты. Таныстырылым соңында әр студент пәнге тіркелу формасын толтырды.