Жаңалықтар

Хабарландыру

Опубликовано 11.02.2020.

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 25-жылдығына орай жалпы орта білім беретін мектептердің 10-11 сынып оқушылары арасында жемқорлыққа қарсы әлеуметтік жарнаманың «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы біргеміз!» атты жастар конкурсы өтеді.
Конкурс екі тапсырманы орындауды талап етеді:
1. «Қазақстан Республикасы Конституциясының біздің өміріміздегі маңыздылығы» тақырыбына эссе жазу;
2. Қысқаша түсіндірмесі бар сыбайлас жемқорлыққа қарсы жарнамалық плакатты дайындау.
Конкурстық жұмыстарды қабылдау мерзімі-2020 жылдың 15 ақпанынан 15 наурызға дейін.
Конкурстың қорытындысын 2020 жылдың 20-25 наурыз аралығында шығарылады.
1 орын алғаны үшін – КазГЮИУ түскен жағдайда бірінші оқу жылына 50% жеңілдік.
Үздік жұмыстар КазГЮИУ сайтында, КазГЮИУ парасаттылық мектебінің кабинетінде орналастырылады. (Абай көш 94, заң факультетінің оқу корпусы, 14 ауд.)
Барлық сұрақтар бойынша Азаматтық құқық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Исмагулов Аскербек Еркиновичке хабарласуға болады. Тел: 87077050790. e-mail: juridical_faculty.kazguiu@mail.ru (жұмыстар осы электронды поштаға жіберіледі).
Конкурс шарттарымен қоса берілген Конкурс туралы ережемен танысуға болады.