Жаңалықтар

Тарих және тағылым: “Абай ережесі” мен ҚР Конституциясының сабақтастығы” ойталқы пікір алаңы

Опубликовано 26.02.2020.

Қазақ инновациялық гуманитарлық–заң университетінің профессорлық оқытушылар құрамы М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжде "Тарих және тағылым: "Абай ережесі" мен ҚР Конституциясының сабақтастығы" тақырыбында ойталқы пікір алаңын өткізді. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған ойталқыда Қарамола сьезіндегі ережелер талқыланып, шығу тарихы жайында ақпараттар берілді. Пікір алаңына Семей қалалық Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы Раушангүл Закиқызы, қаламыздағы жоғары оқу орындары мен колледж оқытушылары қатысты. Ойталқы алаңын Абай Құнанбайұлының «Желсіз түнде жарық ай» әнімен қорытындылап, қатысушыларға сертификат табысталды.