Жаңалықтар

Қолданбалы биология кафедрасының кәсіптік бағдар беру жұмысы!!!

Опубликовано 27.02.2020.

2020 жылдың 26 ақпанында жоспарға сәйкес қолданбалы биология кафедрасының ПОҚ № 15 ОМ бітіруші түлектерімен кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді. Оқытушылар Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетіне түсу артықшылықтары туралы, университеттің барлық мамандықтары туралы, оның ішінде кафедраның «Биотехнология», «Химия – Биология», «Дене шынықтыру және спорт», «Бастапқы әскери дайындық» білім беру бағдарламалары туралы айтты.
Оқушылар әскери кафедра туралы, әртүрлі спорт түрлерінен чемпион-оқытушылар туралы, АҚШ, Жапония, Болгария және т. б. елдерде тағылымдамадан өткен оқытушылар туралы ақпаратты қызуғышылықпен тыңдады.