Жаңалықтар

Абайдың философиялық көзқарасы

Опубликовано 03.03.2020.

25 ақпан күні Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің гуманитарлық факультетінде филология кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.к. Әбікенова Гүлнафис Төкенқызының «Абайдың философиялық көзқарасы» тақырыбында ашық дәріс сабағы өтті. Сабаққа «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Филология» мамандықтарында білім алатын 1 және 2 курс студенттері қатысты. Сабақ барысында ғалым Ұлы Абайдың философиялық ойларын оның өлеңдері, поэмалары мен қара сөздері негізінде талдап саралады. Іс-шара факультеттегі Абайдың туғанына 175 жыл толуына орай ұйымдастырылған оқу-тәрбие жұмыстарының жоспарына сәйкес өткізілді.