Жаңалықтар

«Қыздарға әсемдік жарасады»

Опубликовано 06.03.2020.

5 наурыз күні Қазақ инновациялық гуманитарлық университетінің гуманитарлық факультетінде 8 наурыз – Халықаралық арулар мерекесі қарсаңында Г-215 топ студенттерінің ұйымдастыруымен «Қыздарға әсемдік жарасады» деген тақырыпта ашық тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шара барысында студенттер ұстаздар назарына өздері дайындаған концерттік бағдарламаны ұсынды. Ән шырқап, би билеген, өлең оқып, домбыра тартқан студенттер көрермен қауымына мерекелік көңіл-күй сыйлады. Тәрбие сағатын педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к. Ғ.Ақманова қорытындылап, студенттер мен топ кураторы Г.Дакинаға оқытушылар атынан алғысын білдірді.