Жаңалықтар

«Абай әлемі» әдеби-музыкалық кеші

Опубликовано 10.03.2020.

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде Абайдың туғанына 175 жыл толуына орай ұйымдастырылған іс-шаралар легі өз жалғасын табуда. Ақпанның 28 күні әкімшілік ғимаратының салтанат залында гуманитарлық факультет студенттерінің ұйымдастыруымен «Абай әлемі» атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Кеш барысында Ұлы ақынның өлеңдері оқылып, әндері шырқалды, қара сөздері сахна төрінде орындалды.
Дарынды жастар Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының желісімен қойылған сахналық көріністер ойнап, әдеби-музыкалық композицияда ақынға арнаған төл туындыларын оқыды. Кешті тамашалауға жиналған университет оқытушылары мен студенттері арасында ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған викториналық байқау ұйымдастырылып, жеңімпаздарға ақынның «Қара сөздерінің» соңғы басылымы тарту етілді. Кеш соңы факультет студенттерінің орындауындағы «Желсіз түнде жарық ай» әнімен аяқталды.