Жаңалықтар

Бағдарламалау бойынша аймақтық олимпиада

Опубликовано 10.03.2020.

2020 жылдың 27-28 ақпан күні С. Аманжолов атындағы ШҚМУ- да ШҚО колледждері мен ЖОО ІТ-мамандықтарының студенттері арасында бағдарламалау бойынша аймақтық олимпиада өтті, оған облыстың 5 университеті мен 3 колледж студенттері қатысты. Олимпиаданы Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының қызметкерлері ұйымдастырды.Олимпиадаға Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің «Ақпараттық-техникалық ғылымдары» кафедрасының 5В070300 «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 3 курс студенті Ауелханов Қ қатысты. Олимпиада соңында Ауелханов Қ «ІТ мамандығы студенттері арасында бағдарламалау бойынша аймақтық олимпиадаға белсене қатысқаны үшін» атты сертификатпен марапатталды.