Жаңалықтар

Көркемсөз оқу шеберлерінің сайысы

Опубликовано 10.03.2020.

Наурыздың 3 күні Семей қаласының №37 мектеп-гимназиясында Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университеті филология кафедрасының ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына және қазақ тілінің жанашыры, журналист, сөз шебері Бәтташ Сыдықұлының туғанына 90 жыл толуына орай «Сөзді ұғар, көкірегі болса көзді...» атты көркемсөз оқу шеберлерінің сайысы өтті. Сайысқа қала мектептерінің 5-10 сынып оқушылары қатысты. Сайыс үш кезеңнен тұрды:
1. «Бар жазғаны даналық боп саналған...» (көркемсөз оқу – шешендік сөздер, Абай өлеңдері мен қара сөздерін оқу, Б.Сыдықұлының шығармашылығынан көркемсөз оқу)
2. «Болмасаң да ұқсап бақ...» (өнерлі өрендер сайысы)
3. «Жыр жазамын Абайдың үлгісімен...» ақындар мүшайрасы (арнау өлеңдерін оқу).
Сайысқа филология кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к. Құралай Төлебаева мен кафедраның аға оқытушысы, ф.ғ.к. Талғат Болатұлы бастаған профессорлық-оқытушылық құрам қазылық етті. Сайыс қорытындысы бойынша І орынды Жұмашева Әсел, ІІ орынды Қажымұратов Алихан мен Кенжал Айзере; ІІІ орынды Ақабай Мадина мен Каримова Алуа иеленді. Жеңімпаздар мен жүлделі орын иелеріне Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетінің ректоры, саяси ғылымдар докторы, профессоры Ш.А.Құрманбаеваның мадақтама қағазы мен Абай өлеңдерінің соңғы басылымдары тарту етілді.
Іс-шараға сонымен қатар Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті гуманитарлық факультетінің студенттері қатысып, көрермендер назарына Абайға арнаған төл туындыларын оқыды.