Жаңалықтар

Коронавирустық инфекциядан қорғану жөнінде ақпараттық кездесу

Опубликовано 12.03.2020.

11 наурыз күні Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің гуманитарлық факультетінде студенттерге коронавирустық COVID-19 инфекциясының қауіп-қатері, одан қорғану жолдары және сақтық шаралар туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесуді Семей қаласы №7 поликлиникасының эпидемиолог дәрігері Ербол Дулатұлы өткізді. Маман респираторлық вирустық инфекциялардан қорғану шаралары туралы, оның ішінде коронавирустық инфекциядан сақтану жолдары туралы жан жақты ақпарат берді.