Жаңалықтар

Құрметті білім алушылар! Университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы!

Опубликовано 14.03.2020.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 10 наурыздағы (шығыс нөмірі 16-4 / 409) хатын негізге ала отырып, 2020 жылғы 16 наурыздан бастап студенттер шектеу шаралары ретінде білім беру процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ететін қашықтықтан оқыту технологиясына көшеді.
Оқу процесі АИС Университет автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады (ais.semuniver.kz). АИС Университет порталы электронды журнал арқылы ағымдық бағаларды бақылау, хабарламалармен алмасу, орындалған тапсырмаларды жүктеу және оқытушыға өткізу мүмкіндігін береді. Сонымен қатар, студенттер пәндердің файлдық қорларын пайдалана алады (пәннің силлабустары, 1 аралық бақылау сұрақтарының тізімі, 2 аралық бақылау сұрақтарының тізімі, ОЖСӨЖ орындау бойынша нұсқаулық, СӨЖ орындау бойынша нұсқаулық, практикалық / семинарлық жұмыстарды орындау үшін нұсқаулық, зертханалық жұмыс орындау бойынша нұсқаулықтар, курстық жұмыстардың орындалуы бойынша нұсқаулықтар, дәрістер конспектілері және электронды кітапхана қорлары).
Студент күн сайын жеке кабинетіне кіріп, берілген тапсырмаларды орындауға және өзінің оқу жетістіктерін бақылауға міндетті.
Жеке кабинетте студенттер тапсырмаларды пәндердің файлдық қорында орналастырылған әдістемелік нұсқауларға сәйкес орындауы керек. Білім алушылардың тапсырмаларды орындау мерзімдері мен тәртібі ДОТ контентінде көрсетілген.
Қаладан тыс жерлерден келіп Студенттер үйінде тұрып оқып жатқан білім алушылар қалып білімдерін жалғастыра алады немесе келген жақтарына қайта алады. Егер олар қайтатын болса топ кураторларына оқуын жалғастырып, тапсырмаларды орындау үшін Интернетке қол жетімділік бар екенін растайтын қолхат беріп кете алады.
Университетте коронавирустық инфекцияның (COVID-19) алдын алу және ескерту мақсатында студенттер мен қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қорғау шаралары күшейтілген.
Қашықтықтан оқыту технологиялары бойынша Офис Тіркеуші кеңсесінің қызметіне +7 7222 36 03 63 (ішкі 118) байланыс телефоны және e-mail: o-r@kazguiu.kz арқылы хабарласу қажет.
Студенттер үйінің жұмысы туралы сұрақтар бойынша тәрбие жұмысы бөлімімен                  +7 7222 36 03 63 (ішкі 123, 126) байланыс телефоны және e-mail: a.bazenov@mail.ru  арқылы хабарласуға болады.