ЖаңалықтарҚұттықтаулар

Наурыз мейрамы құтты болсын!

Опубликовано 21.03.2020.

Сүйікті әріптестер,студенттерім, барша ағайын! Бүкіл әлемде бұрын-соңды болмаған сынақ кезеңі орнады. Бір вирус әлем елдерінің жоспарына түбірінен өзгеріс әкелді. Елімізде жарияланған төтенше жағдайда оқу процесін қашықтықтан жаппай жүргізуді жүзеге асырып отырған профессор – оқытушылар құрамының, жұмыстың үздіксіздігін қамтамасыз етіп отырған проректорларға, оқу-әдістемелік, офис ,ДОТ, факультет декандары, құрылымдық бөлімшелер,барлық техникалық қызмет көрсету қызметкелерінің, білім алушылардың еңбегі орасан зор. Барлығымыз жауапкершілікті жіті сезінудеміз. Ең бастысы- адамдардың қауіпсіздігі. Ол үшін нақты қадамдар қабылданып,сіздермен қашықтықтан жұмыс жүргізуге көштік. Жақсылығы мол, жеңісті күндерде жарқын жүздесуді тілеймін! Жұдырықтай жұмылып, сырт қалып жатқан ешкім жоқ. Қымбатты әріптестерім! Сіздерді Наурыз мейрамымен құттықтаймын! Барынша қолдауға күш саламыз! Еліміздің әрбір тұрғыны аман болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!