Жаңалықтар

# Қашықтықтан оқимыз. # Біз біргеміз.

Опубликовано 28.03.2020.

Дәл осы кезеңде Үкімет тарапынан шектеу шаралары күшейтілуде. КазГЮИУ 16 наурыздан бастап, online форматында жұмыс істеп, оқытып жатыр.
Монғолия мемлекетінен келген бізде оқитын студенттердің бір бөлігі жатақханада қалды. Оларға барлық жағдай жасалынып, қосымша компьютермен жабдықталып, санитарлық – сақтық шаралары жасалынды. Маска, санитайзерлермен қамтамасыз етілді. Ақпараттық технологиялар және экономика факультеті деканы А.Карипжанова студенттерге “Наурыз дәмін” ұйымдастырып, қолдау көрсетуде. Осындай уақытта бір-біріне көмек қолын созатын бірлік қажет екені түсінікті. Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша студенттерге кеңес беру , ақпараттық –анықтамалық, әлеуметтік –құқықтық сұрақтар бойынша Call орталығы жұмыс істейді 87471156737; 88000807007.