Жаңалықтар

“Қазақстандық конституционализм: тарих және қазіргі заман сабақтары” атты ғалымдар, докторанттар мен тәжірибе заңгерлердің халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының  ақпараттық хаты

Опубликовано 31.03.2020.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСІ

 СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІГІ

 ҚАЗАҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

 АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 !Ақпараттық хат Конференция материалдарын жинауға және материалдар жинағын қалыптастыру үшін жіберіліп отыр. Конференцияны Қазақстандағы карантин шаралары мен төтенше жағдай жойылғаннан кейін өткізу жоспарлануда. Қатысушыларға конференцияның өткізілетін күні туралы қосымша ақпарат беріледі.

 Құрметті әріптестер!

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, Семей қаласының әкімдігі, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті сіздерді Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына арналған “Қазақстандық конституционализм: тарих және қазіргі заман сабақтары” атты ғалымдар, докторанттар мен тәжірибе заңгерлердің халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысуға шақырады.

Келесі ғылыми бағыттар бойынша баяндамалар ұсынуға болады:

1) Құқықтық мемлекет: идеядан оның жүзеге асуына (Қазақстанның конституциялық дамуының негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері) координатор Сайдулаев Е.А., e-mail: ernar_saidullaev@mail.ru

2) ҚР Конституциясының қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасына әсері координатор Темиргазин Р.Х., e-mail: temirgazin@gmail.com

3) ҚР Конституциясы– азаматтық заңнаманы нормативтік реттеу көзі ретінде – координатор Рахимова А.М., e- mail: asem_semey2008@mail.ru

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын.

Конференция жұмысына қатысу үшін 2020 жылдың 30 сәуіріне дейін конференция координаторларына  жіберу қажет:

  1. Ұсынылатын нысан бойынша қатысуға өтінім (1- қосымша).
  2. Баяндама мәтіні.

МАҚАЛАНЫҢ НҰСҚАУЛЫҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ХАТЫ