Жаңалықтар

Хабарландыру!

Опубликовано 02.04.2020.

Төтенше жағдай кезеңінде өтінімдер мен өтініштерді рәсімдеу жөніндегі нұсқаулық

Оқу туралы анықтама, транскрипт алуға өтінімді рәсімдеу:
1. semey@kazguiu.kz немесе con@kazguiu.kz электрондық мекен жайларына төменде көрсетілген хатты жіберу қажет:
‒ алуды талап ететін құжаттың атауы (анықтама, транскрипт);
‒ білім беру бағдарламасының, курстың атаулары, топ нөмірлері.
Хатқа жеке куәліктің фото немесе скан-нұсқасы бар файлды тіркеу қажет.
2. Дайын құжат сіздің электрондық мекен жайыңызға жіберіледі.

Өтініштерді рәсімдеу:
– білім алушылар қатарына қайта қабылдау туралы (қорытынды аттестаттаудан қайта өту үшін өтінішті қорытынды аттестаттау басталғанға дейін бір айдан кешіктірмей беру қажет).

1. Қажетті өтініштің түрін КазГЮИУ студенттерге қызмет көрсету орталығының сайтында http://con.semuniver.kz көшіріп алуға болады. Осы жерден өтінішке қоса берілетін қажетті құжаттар тізбесімен танысуға болады.
2. Өтініш түрін өз қолымен толтыру және қол қою.
3. Өтініштің толтырылған түрін және оған қоса берілетін растаушы құжаттарды PDF, JPG форматында semey@kazguiu.kz немесе cos@kazguiu.kz электрондық мекен жайларына жіберу.
4. Өтінішті толтыру кезінде білім алушылармен байланыс жасау үшін үй мекенжайы мен ұялы телефон нөмірі міндетті түрде көрсетіледі.
5. Өтініштің кез келген түрі бар хатқа жеке куәліктің фото немесе скан-нұсқасы бар файл міндетті түрде тіркеледі.
6. Төтенше жағдай аяқталғаннан кейін растайтын құжаттардың түпнұсқаларымен өтініштің қағаз нұсқасы факультет деканатына ұсынылады