Жаңалықтар

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған студенттердің XI Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының қорытындысы туралы 19 наурыз 2020 жыл

Опубликовано 03.04.2020.

Қазақстан бойынша Төтенше жағдайдың  енгізілуі мен коронавирус эпидемиясына байланысты студенттердің Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған XI Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы сырттай  өткізілді.

Конференцияға сырттай нысанда Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетінің  Семей қ., Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, Нұр-сұлтан қ., Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің, Павлодар қаласының мемлекеттік педагогикалық университетінің, Шымкент қаласындағы «Мирас» университетінің,  М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің, сондай-ақ Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет  және Ресей халық шаруашылығы академиясының Алтай филиалының, Барнаул қ., Алтай өлкесі, Ресей;  «Туризм және сервис Ресей мемлекеттік университеті» федералдық мемлекеттік бюджеттік жоғары білім беру мекемесі, Туризм және қонақжайлылық институтының, Мәскеу қ., Ресей, Т. Ф. Горбачев атындағы Кузбас мемлекеттік техникалық университетінің, Кемерево қ., Ресей және ШҚО Бесқарағай ауданының «Бесқарағай» колледжінің,; М. О. Әуезовтың педагогикалық колледжінің, Семей қ., Семей қаласының Агробизнес және экономика колледжінің студенттері қатысты.,

Барлығы 474 баяндама тезистері қабылданды (студенттер – 292, магистранттар – 171, докторанттар -11). Студенттік ғылыми-практикалық конференция туралы Ережемен бекітілген талаптарға сәйкес секция жұмыстарының қорытындысы бойынша І, ІІ және ІІІ дәрежелі үздік жұмыстар мен жүлдегерлер анықталды.

Баяндама тезистерінің 4 томы жарияланды.
ЖҮЛДЕГЕРЛЕР ТІЗІМІ