Жаңалықтар

Хабарландыру

Опубликовано 03.04.2020.

КазГЮИУ Көптілді білім беру орталығы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған ағылшын тілінде қашықтықтан онлайн-эссе байқауын өткізеді.
Бұл конкурс күндізгі оқу бөлімінің бакалавриат студенттері үшін 2020 жылдың 6 сәуірі мен 24 сәуірі аралығында өткізіледі.
1 кезең – өтінімдерді және конкурстық жұмыстарды қабылдау (06.04.2020-24.04.2020).
Конкурстың әрбір қатысушысы конкурсқа қатысуға өтінімді және конкурстық жұмыстарды (эссе) талаптарға сәйкес электрондық келесі мекен-жайға жібереді: laura180898@mail.ru
Хаттың тақырыбында “эссе конкурсына” деп жазып, қатысушының аты-жөнін көрсету қажет. Байқау жұмыстары 24 сәуір сағат 18:00-ге дейін қабылданады. Конкурстық жұмысты ресімдеу талаптары және өтінім үлгісі сайысты өткізү туралы Ережесінде танысуға болады.
2 кезең – қазылар алқасы мүшелерінің байқаудың қорытындысын шығару (27.04.2020-30.04.2020). Эссе конкурсын бағалау критерийлері конкурсты өткізу туралы Ереженің 2-қосымшасында келтірілген.
Байқау нәтижелері университет сайтында, сондай-ақ КазГЮИУ Көптілді білім беру орталығының Instagram-аккаунтында жарияланады.
Толық ақпарат:
Байтлеуова Лаура Аязбеккызы
(Көптілді білім берү орталығының оқытушы-филологы)
Тел: 8 707 308 39 75 (с 9:00 до 18:00)
E-mail: laura180898@mail.ru

ОНЛАЙН – БАЙҚАУДЫҢ ЕРЕЖЕСІ