Жаңалықтар

Студенттеріміз Түркияда оқуын жалғастыруда

Опубликовано 08.04.2020.

Қазіргі таңда Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университеті гуманитарлық факультетінің 7 студенті Түркия мемлекеті Денизли қаласындағы Памуккале университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында білім алып жатыр. Түркияға жыл басында аттанған студенттермен университет әкімшілігі мен профессорлық-оқытушылық құрамы үнемі тұрақты байланыс ұстап отыр. COVID-19 жұқпалы індетінің әлемдік пандемиясы жағдайында студенттер жол жүру қаупі мен инфекцияның таралу аймақтарын сараптай келе, осы оқу жылының соңына дейін өз оқуларын Памуккале университетінде жалғастыру туралы шешім қабылдады. Студенттердің бұл шешімін олардың ата аналары да құптап отыр. Бүгінгі таңда білім алушылардың академиялық оқуларын алаңсыз жалғастыруына барлық жағдай жасалған. Памуккале университетінің басшылығы мен Қазақстанның Түркия еліндегі елшілі де студенттермен үнемі байланыста. Студенттер коронавирустық індеттен сақтану шараларын қатаң ұстануда.